Нашақорлықтың алдын алу

15.11.2024

Есірткіні қолданудың алдын алу қазіргі уақытта мемлекеттік деңгейге қойылды. Мұндай қажеттілік нашақорлар мен олардың жақындарының денсаулығына тигізетін зиянынан туындайды. 2024 жылғы 15 қарашасында Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шара ұйымдастырылды. «Закладка» фильмі студенттерге қатты әсер етті. Фильм профилактикалық сипатқа ие және есірткі заттарын қолдану мен тарату кезінде туындайтын ауыр зардаптар мәселелерін қозғайды. Көргендерінен қорытынды-есірткі-қазіргі заманның нағыз зұлымдығы! Оларды қолдану адамның жеке басының бұзылуына және өмірдің бұзылуына әкеледі!



Текст
Виртуальная приемная